00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада сарбаздар өрттен адамдарды аман алып шықты

Астанада сарбаздар өрттен  адамдарды аман алып шықты
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Елорданың Есіл жағалауындағы мейрамханалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сол маңда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқарып жүрген ҚР ІІМ Ұлттық ұланының сарбаздары оқиға орнына алғаш боп жетеді. Капитан Д.Бакен бастаған әскери жасақ жауынгерлері бірден мейрамхана қызметкерлерін қауіпсіз жерге шығарады. Дереу өрт сөндіру қызметіне және құқық қорғау  органдарына хабар береді. Бұл уақытта өзге жасақтар уақыт жоғалтпай асүйге өтіп, жарылыстың алдын алу мақсатында газ баллондарды да өрттен қашық жерге алып шығады.

«Қала көшелерінің тыныштығын қамтамасыз ету кезінде Мәмбетов көшесі 3 мекен-жайында орналасқан мейрамханадан шыққан түтінді байқадық. Патрульдік топ бастығы лейтенант Жансүгіровтің басшылығымен, әскери жасақтар өрт аумағын қоршауға алып, тиісті шараларға кірісті. Оқиға орнына өрт сөндіру тобын шақырдық. Олармен қатар, тәртір сақшылары да жұмыс істеп жатыр», - дейді Ұлттық ұлан офицері.

 

Қазіргі уақытта өрттың шығу себептері анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.