Астанада не үшін ең әдемі жас мұғалім таңдалады – министр

13 наурыз, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада не үшін ең әдемі жас мұғалім таңдалады – министр
Фото: Оңалхан Өнерхан

Білім министрі Ғани Бейсембаев мәжіліс кулуарында «Астананың ең әдемі жас ұстазы - 2025» байқауы өткізілетінін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ведомство басшысы бұл іс-шара жастарды педагогикалық мамандыққа тартуға арналғанын атап өтті.

«Байқау жоғары оқу орындарын бітіретін жас түлектердің мектепке баруына әсер етуі керек. Мектепте зейнеткерлікке дейінгі немесе зейнет жасындағы ұстаздар ғана емес, сонымен қатар болашағы зор жастар да өз шәкірттерімен жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жатыр.  Сондықтан педагогикалық мамандықтарды дәріптеу аясындағы бұл іс-шараға қолдау көрсетіледі. Бірақ байқауда ұстазды тек сыртқы келбеті бойынша бағалауға жол берілмейді», - деді Бейсембаев журналистермен сұхбатында.

Бұған дейін Астана қаласының Білім басқармасы «Астананың ең әдемі жас ұстазы – 2025» онлайн фотобайқауын өткізу туралы хабарлаған болатын.