Астанада мемлекеттік рәміздердің рөлі мен маңызы талқыланды

29 мамыр, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада мемлекеттік рәміздердің рөлі мен маңызы талқыланды
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астанадағы Достық үйінде Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы аясында ақпараттық-танымдық семинар өтті. Іс-шараны «Геральдикалық зерттеулер орталығы» ұйымдастырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Семинарға Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік өкілдері мен елорда студенттері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік рәміздер мен ортақ құндылықтарымызға деген құрметті арттыру, жас буынның бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Жиын барысында спикерлер мемлекеттік рәміздердің тарихи мәні мен мазмұндық мағынасы туралы жан-жақты баяндап, рәміздердің қоғамдағы рөлі мен қолдану тәртібі жайлы кеңірек ақпарат берді.

Айта кетейік, «Менің Қазақстаным» акциясы аясында ақпараттық-танымдық шаралар қала мектептері мен жоғары оқу орындарында, сондай-ақ спорт ұйымдарында жүйелі түрде өткізіліп келеді.