Астанада LRT рельс жолдарының 25 пайызы төселді

2 мамыр, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада LRT рельс жолдарының 25 пайызы төселді
Фото: City Transportation Systems

Астанада LRT желісінің құрылысы барысында жолдың жоғарғы құрылысын салу жұмыстарының 25% аяқталды – екі жолақты желінің жоспарланған 22,4 км-нің 5,6 км төселді, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Нысанға арнайы техника жеткізілді: маневрлік тартқыш, рельсті экскаватор, сорғысы бар бетон араластырғыш, консольді кран және платформалар.

Құрылыс барысында шу мен діріл деңгейін төмендететін заманауи DTVII2-1 рельс бекіту жүйесі қолданылады. Бұл жүйенің артықшылықтары – шуды 5-10 дБ-ге дейін азайту, жоғары тозуға төзімділік және әртүрлі жағдайларға бейімделгіштігі.

«Өткен жылы №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде алғашқы 500 метр жол төселді. Бұл тестілік кезең қысқы ауа райының жеңіл рельсті көліктің жол құрылымына әсерін зерделеуге мүмкіндік берді», - делінген хабарламада.