Астанада Кенесары көшесінің учаскесі уақытша жабылды

Фото: Оңалхан Өнерхан
Бұл туралы Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кенесары көшесінің Ә.Сембинова көшесінен Е.Брусиловский көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізіледі.
Осыған байланысты 29 мамырға дейін көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылды.
Қала тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылды.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 07:31
Бүгінгі Астананың ауа райы болжамы

18 қыркүйек, 2025
Астанада тұңғыш рет оқушыға «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

18 қыркүйек, 2025
Қазақстан дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайды

18 қыркүйек, 2025
Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр