«Астанада Кенесары хан ескерткіші орнына қайта орнатылды» – Ерлан Қарин

Фото: Ерлан Қарин/ Instagram
Бұл жайлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Instagram аккаунтында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Өткен жылы Астанада Есілдің жағасында тұрған Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарына байланысты алып тастаған кезде, әлеуметтік желіде біраз әңгіме болған. Қайта-қайта түсініктеме бергеніме қарамастан, кейбір азаматтар расталмаған ақпарат таратқан болатын. «Кенесары хан ескерткіші мүлдем алынып тасталды, енді орнына қойылмайды» деген секілді. Шын мәнінде, ескерткішке жөндеу жұмыстары қажет болды. Сондықтан орнынан алынды. Енді қайта қойылғанда, бұрынғыдан биіктеу орнатылды. Міне, бүгін жөндеу жұмыстары аяқталып, ескерткіш орнына қойылды», – деді Ерлан Тынымбайұлы.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 07:31
Бүгінгі Астананың ауа райы болжамы

18 қыркүйек, 2025
Астанада тұңғыш рет оқушыға «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

18 қыркүйек, 2025
Қазақстан дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайды

18 қыркүйек, 2025
Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр