Астанада картопты сатуға қойылған шектеулер алынып тасталды
Бұл туралы Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бүгінгі таңда картопты сатуға шектеулер алынды, тапшылық жоқ. Өнім қаланың сауда желілері мен базарларының сөрелерінде жеткілікті көлемде ұсынылған, ал оның қорлары уақтылы толықтырылып отырады.
«Картопты сатуға 5 кг-нан аспайтын уақыт шектеулерін Small және Spar желілерінің әкімшіліктері 22 қаңтарда енгізді. Бұл шара сатып алушылардың өнімді одан әрі қайта сату үшін көтерме сатып алуын болдырмау мақсатында қабылданды (шектеу алынып тасталды). Мысалы, барлық Small және Spar сауда желілерінде картоп бір килограмына 280 теңгеден сатылады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Астанада картоптың тұрақты бағасын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Айналым тетігі шеңберінде қаланың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы апта сайын көлемі аптасына 200 тоннадан асатын картоптың интервенциясын жүргізеді.