Астанада I сайланым депутаты болған Балхия Сүлейменованың мерейтойы атап өтілді
Бүгін елордалық мәслихатта Астана қаласы мәслихатының I сайланым депутаты, қала мен еліміздің медициналық саласының дамуына зор үлес қосқан тұлға Балхия Сүлейменова 75 жасқа толған мерейтойы атап өтілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол медицина ғылымдарының кандидаты, көптеген оқу және әдістемелік құралдардың авторы, 2000 жылдан бері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты медициналық көмек көрсету орталығында штаттан тыс маман ретінде еңбек етті.
Балхия Абдулбахиқызы еліміздің денсаулық сақтау саласындағы үздік жетістіктері үшін жоғары бағаланып, көптеген марапаттарға ие болды, соның ішінде: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін».
«Бүгін мерейтой иесін депутаттар, әріптестері, серіктестері мен шәкірттері құттықтап, бақыт, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Жақсы дәстүр бойынша Балхия Сүлейменоваға шапан сыйға тартылды. Бүгінгі таңда Балхия Абдулбахиқызы педагогикалық қызметін жалғастырып, елордамыздың өміріне белсене қатыса отырып, жас ұрпақ үшін өнегелі тұлға болып еңбек етуде», - деп жазды Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.