Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады
Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Астанада 15-16 наурыз күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жәрмеңкеге Қазақстанның әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан өнімдерін, табиғи шырындарды, консервілерді және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара 15 және 16 наурыз күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Көктал» сауда ойын-сауық орталығында өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 18:05
«Білім берудегі және басқарудағы трансформация»: Астанада ұстаздарға арналған конференция өтті
Бүгін, 17:24
Астанада ЖОО-лар арасында үздік жасанды интеллект жобаларының авторлары анықталды
Бүгін, 16:41
Астанада аутизм тақырыбын көтерген еліміздегі алғашқы спектакль – «Құштар» қойылымының премьерасы өтті
Бүгін, 15:55
3 қарашадан бастап «Наурыз» бағдарламасы бойынша тұрғын үйге өтінім қабылдау басталады
