Астанада Бурабай көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Бурабай көшесінің Хантау көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі аралығына жол жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты, 29-31 мамыр аралығында көлік қозғалысы толықтай шектеледі. Ал автобус маршруттарының өзгеріс схемасы төменде көрсетілген.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 07:31
Бүгінгі Астананың ауа райы болжамы

18 қыркүйек, 2025
Астанада тұңғыш рет оқушыға «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

18 қыркүйек, 2025
Қазақстан дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайды

18 қыркүйек, 2025
Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысы қалай жүріп жатыр