Астана халықаралық әуежайы ұшу кестесіндегі өзгерістерді хабарлады

17 наурыз, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астана халықаралық әуежайы ұшу кестесіндегі өзгерістерді хабарлады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға Жеңістің 80 жылдығына, сондай-ақ Отан қорғаушылар күніне орай өтетін әскери шеруге дайындық және оны өткізу кезінде ұшу кестесінде өзгерістер болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Құзырлы органдардың бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр (қоса алғанда) аралығында Астана қаласының әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларына байланысты қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі.

«Осыған байланысты ұшу және ұшып келу кестесіне өзгерістер енгізілуі ықтимал. Әуежай жолаушыларға өзекті ақпаратты авиакомпаниялардың және әуежайдың ресми ресурстарынан алдын ала нақтылауды ұсынады. Уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауларыңызды және ықтимал өзгерістерді ескере отырып, сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - деп жазды ведомстводан.

Рейстер туралы ақпарат алу үшін:

Байланыс орталығы: +7 7172-702-999

Ресми сайт: nn-airport.kz.