00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматы ауданында кәмелетке толмағандар арасында рейд жүріп жатыр

Алматы ауданында кәмелетке толмағандар арасында  рейд жүріп жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астананың Алматы ауданында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлады Elordainfo.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Алматы ауданы әкімі аппаратының, аудандық ішкі істер бөлімі мен білім бөлімінің өкілдері қатысуда.

«Учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсететін объектінің криминогендік жағдайын зерделеу үшін аулалар мен пәтерлерді аралайды, олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізу үшін ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды тексереді. Сонымен қатар, сауда және ойын-сауық орталықтары мен компьютерлік клубтар тексерілуде», - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес, 22.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің қарауынсыз ойын- сауық орындарына баруына тыйым салынған, сондай-ақ 23.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың тұрғын үйден заңды өкілдерінің ерік жүруінсіз шығуына тыйым салынады.