СІМ орынбасары ТМД Байқаушылар миссиясының басшысын қабылдады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
СІМ орынбасары ТМД Байқаушылар миссиясының басшысын қабылдады
ашық дереккөз

Кездесудің тақырыбы 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға байланысты Нұр-Сұлтанда ТМД Халықаралық байқаушылар миссиясы штабының ашылуы болды. Сұхбат барысында М. Сыздықов ТМД Атқарушы комитетінің өкілін Мәжіліс депутаттарының ашық сайлауын өткізу Қазақстанның одан әрі демократиялық дамуы үшін маңыздылығы туралы хабардар етті. Биыл елімізде көппартиялылық пен саяси бәсекелестікті дамытуға, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған теңдессіз саяси реформалар пакеті іске асырылды. Өз кезегінде В. Гуминский бақылаушылардың жұмысы үшін жақсы жағдай жасағаны үшін ризашылығын білдірді. Сұхбаттасушы ТМД миссиясы өз функцияларын объективті және ашық түрде орындауға дайын екенін айтты.