Асқар Мамин РФ Үкіметінің төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Асқар Мамин РФ Үкіметінің төрағасымен телефон арқылы сөйлесті
ашық дереккөз

Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин арасындағы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шаралар туралы уағдаластықтардың практикалық іске асырылуын талқылады. Үкімет басшылары Қарағанды қаласында іске қосылған «Спутник V» вакцинасының өндірісі және қазақстандықтарды алдағы вакцинациялау ҚР-дағы тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтауға үлкен үлес қосатынын атап өтті. Әңгімелесу кезінде сондай-ақ сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.