Елімізде жастардың репродуктивті денсаулығына арналған Shyn.kz сайты іске қосылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде жастардың репродуктивті денсаулығына арналған Shyn.kz сайты іске қосылды
ашық дереккөз

Бұл құралдар Қазақстан Үкіметінің жастардың денсаулығы мен әл-ауқатына одан әрі инвестициялау ісінде қолдау көрсету аясында әзірленді. Жоба Ұлттық стратегияларда көрініс тапқан, сондай-ақ Найроби саммитінде мәлімделген жастарға қызмет көрсету жүйесін нығайту және институционализациялау жолындағы ажырамас бөлігі болып табылады. Коммуникациялық өнімдер пакеті Қазақстандағы ЮНФПА мен ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінің басшылығымен және техникалық қолдауымен ұлттық сарапшылар тобымен ынтымақтастықта құрылды. Коммуникациялық өнімдерден басқа, жастарға қызмет көрсету жүйесін нығайту бойынша жұмыс елдегі жастар денсаулық орталықтарын тұрақты дамыту және қаржыландыру стратегиясын әзірлеуді; ЖДО мамандарының жұмысын реттейтін хаттамалардың сериясын, сондай-ақ психологиялық және құқықтық кеңес беруді қамтиды. Бұдан басқа, орталықтардың білім мен үздік тәжірибелерді басқа ұйымдарға беретін "ресурстық" мекемелерге айналуы үшін ЖДО қолдау көрсетіледі. "Жастар денсаулық орталықтары кәмелетке толмағандарға медициналық және психологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері болады. Олардың негізгі мақсаты жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және репродуктивті денсаулықты қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы болады", – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният. Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша жастар мен олардың ата-аналары жыныстық және репродуктивті денсаулық саласында көбірек ақпарат қажеттілігі туралы хабарлады, сонымен қатар олар осы салада нақты ақпарат алуда қиындықтарға тап болғанын айтты. "Жастардың жыныстық және репродуктивті денсаулығына инвестиция салу олардың денсаулығы туралы саналы шешім қабылдау мүмкіндіктерін кеңейтуді білдіреді. Жасқа сәйкес келетін нақты және өзекті ақпарат, сондай-ақ Жастарға мейірімді медициналық қызметтер осы құқықтарға қол жеткізудің кілті болып табылады", - деді ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілі және Қырғызстан мен Түркіменстандағы елдік директор Джулия Валезе. Байланыс үшін: Сайт - https://shyn.kz/; Telegram-дағы Чат-бот - @shynkzbot Мобильді қосымша "Shyn.kz" PlayMarket-тен жүктеуге болады (тек Android ұялы телефондары үшін қол жетімді және мобильді қосымша 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады).