Нұр-Сұлтанда білім беру саласының мамандарына практикалық психология апталығы басталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда білім беру саласының мамандарына практикалық психология апталығы басталды
ашық дереккөз

«Апта бойы колледждердің, мектептердің, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагог-психологтары мен оқушылары, олардың ата-аналары үшін түрлі тақырып алаңы жұмыс істейтін болады. Мақсаты – елордалық психологиялық қызметтің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған ағартушылық-профилактикалық іс-шаралар арқылы психологиялық-педагогикалық мәдениетті арттыру", - деп хабарлады ұйым өкілдері.

Курс бағдарламасына оқып жатқан жастарды педагогикалық қоғамдастықтың дамуы мен оны жүзеге асыруына ықпал ететін психологиялық мәдениетке бейімдеу сабақтары кіреді. Тыңдаушыларға елордалық білім берудің өзекті мәселелерін шешудегі психологиялық қызметтің әлеуметтік мәртебесі мен рөлін арттыру, педагог-психологтардың ішкі ресурстарын анықтау туралы айтылады. Сондай-ақ, қатысушылар мұғалімдер мен ата-аналардың тәрбиелік дағдыларын, олардың мүмкіндіктеріне деген сенімін арттыру әдістерін түсіндіреді. Сонымен қатар, педагог-психологтардың аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және «Z ұрпақ» балаларының өмірлік позитивті дағдыларын дамыту бойынша тәжірибесін анықтау және тарату мәселелері талқыланатын болады. Айта кетейік, Қазақстан психологтар қауымдастығының шешімімен Вильгейм Вунд эксперименттік психологияның бірінші зертханасының ашылу құрметіне 25 желтоқсан елімізде Психологтар күні болып жарияланды. Осыған байланысты «Астана дарыны» дарындылық пен психологиялық қолдауды дамыту орталығы жыл сайын атаулы күнге практикалық психология апталығын өткізеді.