Елордада полиция қызметкерлері пиротехниканың заңсыз сатылуын тексеруде
Полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау органдарымен бірлесіп, пиротехниканың стихиялық сауда орындары бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Аталған іс-шара пиротехникалық заттармен сертификатталмаған өнімдерді заңсыз сату фактілерін анықтау және алдын-алу мақсатына бағытталған. «Пиротехникалық бұйымдарды контейнерлерден тыс жерлерде сату және тиісті лицензиясы мен рұқсаты жоқ тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді ашық павильондардан, автомобильдерден, шатырлардан, қолдардан және өтпелерден сату мен сақтауға қатаң тыйым салынғаны туралы еске саламыз», — делінген хабарламада. Аталған фактілер анықталған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 196 бабына сәйкес (Еркiн сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау) жауапкершілікке тартылады.