Елордада жүгіруден жарыс өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада жүгіруден жарыс өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114504336149934.webp)
Белгіленген маршрут бойынша жүгіру түрлі жастағылар үшін бірдей, 10 км қашықтықта және әр қатысушы жеке өз стартымен жүгіреді. Уақыт аралығы – кем дегенде 30 секунд. «50-59 және 60+ жас тобындағы қатысушы ерлер мен әйелдер жарысты таңғы 07:00 - ден, 40-49-дағылар таңғы 08:30-дан, 30-39 жас аралығындағылар 10:00-ден, 18-29 жастағы қатысушылар таңғы 11:00-ден бастайды. Топ боп жүгіруге тыйым салынады. Ең аз қашықтық – 5 метр. Қатысушылар саны шектеулі, ең көбі – 300 адам», - делінген хабарламада. Барлық сұрақтар бойынша 8 777 555 5707 нөміріне хабарласуға болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау 28-30 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қалалық Триатлон Федерациясы (Қабанбай батыр 41А мекенжайы бойынша) кеңсесінде сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қашықтан өтеді. Іс-шараны Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ, Нұр-Сұлтан қаласының «Триатлон Федерациясы» ҚБ, «Нұр-Сұлтан қаласының жеңіл атлетика федерациясы» ҚБ, «Қазақстан велосипед спорты федерациясы» РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ұйымдастырды.