Иоланта Бердібекова дзюдодан ел чемпионы атанды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Иоланта Бердібекова дзюдодан ел чемпионы атанды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114505121166451.webp)
ашық дереккөз
Бұл салмақтағы ел чемпионы атағын алматылық Иоланта Бердібекова жеңіп алды. Екінші орында ШҚО өкілі Кристина Сотникова. Қола жүлдені Саера Мырзахметова (Алматы) мен Зарина Сарипова (ШҚО) иеленген. «Қазақстан чемпионатына үлкен дайындықпен келдім. Біріншіліктегі ең қиын кездесуім жартылай финалда Саера Мырзахметоваға қарсы өтті. Ол менің әккі қарсыласым. Екеуміз осыған дейін бірнеше рет кездесіп, мен бес рет есе жіберген болатынмын. Осы белдесу алдында бапкерлеріммен бар күшімді салуды, жинақы күресуімді талап етті. Соның арқасында осы жолы Мырзахметованы ұттым. Ал финалда аздаған сәттілік жетіспей қалды», — дейді Кристина Сотникова.
Ұқсас жаңалықтар