Кувейт мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Кувейт мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
ашық дереккөз

"Қазақстан Республикасының ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз! 16 желтоқсан – қазақ халқының сан ғасыр бойы жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен елдің еркін дамуына айқара жол ашқан күніне біз де куәгерміз. Аз уақыттың ішінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық әлеуеті қарышты қарқынмен дамып, әлемнің маңдайалды мемлекеттері тәуелсіз Қазақстанмен тығыз әрі ынтымақты қарым-қатынас пен баянды байланыс қалыптастырып үлгерді. Егемен Қазақстанның дүниежүзі қауымдастығы алдында абыройы асқақ, беделі биік. Келе жатқан Парламент Мәжілісінің сайлауы сәтті өтіп, Қазақстан Республикасы мен халқының мүддесі үшін одар әрі өркендей беруіне тілектеспіз. Қазақстан халқына тұрақтылық, бейбітшілік және өркендеуін тілейміз!" - делінген құттықтауда.