Елордада «Адал еңбектің жарқын бейнесі» сурет байқауының қорытындысы шығарылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Адал еңбектің жарқын бейнесі» сурет байқауының қорытындысы шығарылды
ашық дереккөз

Балалар арасындағы сурет байқауы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын дәріптеуге, жастарды ақпарат іздеуге және шығармашылық көзқарасты дамытуға, сонымен қатар жас азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімге тартуға бағытталған. Байқауға елордалық оқушылар 100-ден астам сурет ұсынды. Жас суретшілер өз шығармаларында адалдық, әділеттілік, парасаттылық принциптерін бейнелеуге тырысты. Жұыстарды бағалау кезінде негізгі шығармашылық идеяға көзқарас және оны жұмыста ашу ескерілді. Қазылар алқасының төрағасы, қоғам қайраткері, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Сәдібек Түгел және «Астана - адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Мирас Шекенов үздік жұмыс орындаушыларын мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Жарыс қорытындысы бойынша құрметті бірінші орынды Оспанова Томирис (№28 мектеп-лицей), екінші орынды Қонысқали Айшолпан (№73 мектеп-лицей) және үшінші орынды Шакен Милан (№4 мектеп-гимназия) иеленді.