Достық үйінде «ANK livе» студиясы ашылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Достық үйінде «ANK livе» студиясы ашылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114517046624992.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұрат төсбелгілерді тапсыру рәсімінде Ассамблеяның індет кезіндегі еңбегін атап өтіп, қала халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. «Достық үйі еліміздегі қаншама ұлт өкілдерін бір арнада тоғыстырып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының пандемия кезінде елдің дамуына қосқан үлесі жоғары. Халық үшін қызмет еткендердің еңбегі елену қажет. Төтенша жағдайда қаншама қызмет түрлері көрсетілді. Жалпы, «ANK livе» студиясы 3 айдан бері қала игілігіне жарап келеді. Дегенмен міне, бүгін Достық үйіндегі игі істердің қанатын кеңге жайдыратын жаңа студия ресми түрде ашылды. Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын», – деді Д.Бабамұрат. «ANK Livе» студиясы тікелей эфирде сұхбат, брифингтер, дебаттар мен онлайн кездесулер өткізуге арналған. Құны 8 миллион теңгелік заманауи техникамен жабдықталған студия алдағы уақытта Достық үйінің ғана емес астананың түрлі тақырыптарды талқылайтын диалог алаңына айналады.
Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ