Инфекционист вирустан қорғану жолдарын айтты
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Инфекционист вирустан қорғану жолдарын айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211451506050861.webp)
ашық дереккөз
«Желдету мүмкіндігі қарастырылмаған жабық ғимараттарда коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан кездесулерді неғұрлым сыртқы кеңістікте жоспарлаған дұрыс. Сол сияқты қарапайым гигиеналық тазалықты сақтауды ұмытпау керек. Мысалы, қолды жиі антисептикпен тазалап немесе сабындап жуып отыру керек. Бұл қолдағы микробты, вирусты да жоюға көмектеседі. Мүмкіндігінше қолыңызбен көзіңізді, мұрныңызды, аузыңызды ұстамауға тырысыңыз. Өйткені адамның қолы көп жерге тиеді, көп нәрсені ұстайды. Сондықтан вирус бөлшегін қолдары арқылы тасымалдауы мүмкін. Вирус бөлшегі көз, мұрын, ауыз арқылы ағзаға түсіп, ауру тудыруы ғажап емес. Жөтелгенде немесе түшкіргенде майлықты пайдаланып, оны бірден қақпағы жабылатын қоқыс жәшігіне тастап, артынша қолды жуу керек. Сонымен қатар басқа адамдардың қолы көп тиетін жерлерге қол тигізген соң бірден жуып отырған абзал. Мысалы, есік тұтқасы, мобильді телефон», - деді ол.
Сонымен қатар тұрғындарды ол қоғамдық көліктерге отырғанда сақ болуға, әлеуметтік қашықтық сақтауға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар