Елімізде 2 884 мектеп оқушысы коронавирус инфекциясын жұқтырды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде 2 884 мектеп оқушысы коронавирус инфекциясын жұқтырды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114517141231163.webp)
ашық дереккөз
«Қазіргі уақытта еліміз жасыл аймақта немесе тәуекелі төмен аймақта тұр. Тәуекелі жоғары аймақта немесе қызыл аймақта Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Ал сары аймақта жеті өңір: Шығыс Қазақстан, Атырау, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы. Қалған өңірлер жасыл аймаққа кіреді. Екі апта бойы эпидемиологиялық жағдай жақсарған өңірлерде карантиндік шараларды жеңілдету мәселесі қаралады», - деді Роза Қожапова.
Дегенмен тәуекелі жоғары аймақтарда карантиндік шаралардың күшейтілген тәртібі сақталатынын айрықша атап өтті. «Еліміздің барлық өңірінде ұжымдық мерекелерді өткізуге тыйым салынды. Оқу жылы басталғаннан бері оқушылар арасында 2 884 КВИ жағдайы тіркелді. Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 818 жағдай, қашықтан білім алатындар арасында 2 066 жағдай тіркелді», - дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар