Шағын кәсіпорындардың қауіпсіздік талаптары қандай жолмен тексеріледі
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Шағын кәсіпорындардың қауіпсіздік талаптары қандай жолмен тексеріледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114513547111882.webp)
ашық дереккөз
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша қауіпсіздік талаптарын сақтау тұрмыстық және коммуналдық тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйесінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін пайдалану қауіпсіздігінің талаптарын сақтау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Ол жерге жауапты мемлекеттік органдардың бәрі енгізілді. Елімізде жыл басынан бері шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында тексерулерге және профилактикалық бақылауға мораторий енгізілді. Осы себепті газ пайдаланушылар қауіпсіздік талаптарын толықтай сақтай бермейді. Сол сияқты адам көп жиналатын орындардың техникалық жағдайына мән бермейді», - дейді Дархан Құлыбаев.
Айтуынша ведомствоаралық комиссия өз уәкілеттігі аралығында конструктаж жүргізеді. «Дегенмен тұрғындар тарапынан қауіпсіздік талаптары бұзылғаны жөнінде жазбаша түрде хабарлама түссе, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы тарапынан тексеру іс-шаралары жүргізіледі. Кәсіпкерлік кодексі бойынша әкімшілік шаралар қабылданады», - дейді ведомство өкілі.
Ұқсас жаңалықтар