Ведомствоаралық жұмыс тобы елордадағы 147 нысанға тексеріс жүргізді – Дархан Құлбаев

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ведомствоаралық жұмыс тобы елордадағы 147 нысанға тексеріс жүргізді – Дархан Құлбаев
ашық дереккөз

«Тұрғындар тарапынан көптеген шағым түсуіне байланысты Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, қаладағы кәсіпкерлік нысандарға тексеріс жүргізіліп, қауіпсіздік шараларын бұзушыларға әкімшілік шаралар қолданылуда. Бүгінге дейін ведомствоаралық жұмыс тобы елордадағы 147 нысанға тексеріс жүргізді. Соның ішінде Байқоңыр ауданындағы 46 тамақтану нысаны, Есіл ауданындағы 21 нысан, Сарыарқа 30 нысан, Алматы ауданындағы 28 қоғамдық тамақтану нысаны және 4 жатақхана тексерілді», - деді ол.