Жексенбі күні елордадағы екі өрттен екі адам көз жұмды – ТЖД

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жексенбі күні елордадағы екі өрттен екі адам көз жұмды – ТЖД
ашық дереккөз

«Жексенбі, 13 желтоқсан күні елордада екі өрт тіркелді. Екеуі де көпқабатты тұрғын үйде болған. Салдарынан екі адам көз жұмды. Қарталы көшесіндегі тұрғын үйде болған өрт туралы айтатын болсақ, онда жиһаздың жеті шаршы метрі жанып кеткен. Оқиға орнында бір адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі тұрғындардың бейқамдығынан болған көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, қайтыс болған азамат күндізгі уақытта мас болған. Сол мас күйінде темекі тартып, ұйықтап қалған. Ал екінші өрт бүгін түнде Конституция көшесінде орын алды. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер бір адамның мәйітін тапты. Онда да жиһаз, яғни төсек өртенген. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына сол пәтер тұрғынының шамды жағып ұйықтап қалуы себеп болған», - деді ол.

Сонымен қатар ол қала тұрғындары мен қонақтарын алдағы мереке күндері барынша абай болуға, өрт және тұрмыстық қауіпсіздікті қатаң сақтауға шақырды.