Жыл басынан бері 29,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды – Еңбек министрлігі
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жыл басынан бері 29,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды – Еңбек министрлігі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114512827282259.webp)
ашық дереккөз
Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 731 нұсқама беріліп, 97,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 29,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 3,4 млрд теңге төленді. Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,9 мың тексеру жүргізді. ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 6,1 мыңнан астам фактісі анықталып, 174,3 млн теңге сомаға айыппұл салынды.
Ұқсас жаңалықтар