Елордада конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты өткізілмейтін болды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты өткізілмейтін болды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114513142586586.webp)
ашық дереккөз
«Өкінішке қарай, конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты өтпейді. Алайда, біздің жаттығу жиындарын және бақылау жарыстарын өткізуге мүмкіндігіміз бар. 14-15 желтоқсан күндері ұлттық құрама спортшылары үшін арнайы іріктеу өткіземін. Осы іріктеу қорытындысы бойынша әлем кубогі кезеңіне қатысатын спортшылар анықталады. Сондай-ақ, қаңтар айының оныншы жұлдызына қарай әлем кубогінің екі кезеңі мен әлем чемпионатына қатысу үшін Нидерландқа аттанамыз деген жоспарымыз бар. Көптеген командалар қазір қиын жағдайға тап болды. Олардың қатарында біздің еліміз де бар. Десе де, біз жаттығуды одан әрі жалғастырып, әлем кубогі кезеңдеріне қатысатын кезді асыға күтеміз», - дейді Д.Бабенко.
Ұқсас жаңалықтар