Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі азаматтарды қабылдайды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
"Құрметті елорда тұрғындары! Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Руслан Сегізбаев 20 желтоқсан күні сағат 09:30-дан 10:30-ға дейін қызметтік әдеп талаптары мен ҚР мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуы мәселелері бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің өкілі Нұргүл Алинамен және Эльвира Оразбаевамен бірге азаматтарды қабылдайды (Бейбітшілік көшесі, 11; 618 кабинет). Егер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қызметіне және оның қызметкерлеріне қатысты түйткілді сұрақтарыңыз болса, сізді жеке қабылдауға шақырамыз. Қабылдауға жазылу үшін 55-64-68 телефон нөміріне хабарласыңыз", - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар