Еуразия ұлттық университетінде «Жемқорлықсыз болашақ» атты республикалық тәжірибелік семинар өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Еуразия ұлттық университетінде «Жемқорлықсыз болашақ» атты республикалық тәжірибелік семинар өтті
ашық дереккөз

Семинарға Л.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор, академик Д. Қамзабекұлы, ҚР Білім және ғылым министрлігі заң департаменті парасаттылық басқармасының басшысы А.Жүсіпов, Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Жылқышиева, Республикалық ақпараттық үгіт-насихат штабының төрайымы белгілі этнодизайнер, қоғам қайраткері Ырза Тұрсынзада, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестік төраға орынбасары, Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Д.Рахметуллин, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жемқорлыққа қарсы мәселелерді талдап-зерттеу бөлімінің жетекшісінің орынбасары Е.Жаров, Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Д.Кәрібек, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Е.Бейсенбаев, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушы-профессорлары мен студенттері және аймақтардағы жоғары оқу орындары мен ғылыми институттардың Әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдері онлайн режімі арқылы қатысты. Семинарды өткізудің негізгі мақсаты - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңына енгізілген өзгерістерді жариялау, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда парасататтылық, адалдық, сенім құндылықтарын барынша насихаттау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күресуде тәжірибе алмасу. Семинар барысында қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, сұрақтарға жауап берілді. Семинар соңында Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева университет ректорына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі үшін» атты белгісін және әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор, академик Дихан Қамзабекұлына, әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі Еркебұлан Нұғымановқа ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алғыс хатын табыстады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Рахметуллин «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік карикатура» байқауына қатысып, белсенділік көрсеткен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиетінің студентерін дипломдармен және алғыс хаттармен марапаттады.