Полиция корпоративтік кештердің өткізілмеуі жайлы: Көңіл көтеру орындары бақылауымызда болады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Полиция корпоративтік кештердің өткізілмеуі жайлы: Көңіл көтеру орындары бақылауымызда болады
ашық дереккөз

«Қазіргі уақытта алдағы мерекелерге байланысты әлеуметтік желілерде корпоративтік кештер ұйымдастырылатыны туралы ақпараттар түсіп жатыр. Біздің тараптан әрине әлеуметтік желілерге мониторингтік жүргізіліп, жариялаған азаматтар анықталған соң профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Сол сияқты өзге де мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеу ары қарай да жалғаса береді. Осы арқылы қоғамдық орындар, әсіресе көңіл көтеру орындары, азаматтар көп шоғырланатын тұстар бақылауымызда болады. Заңбұшылық орын алған жағдайда тиісті шара қолданылу үшін мәлімет мониторнигтік топтарға жіберіледі. Шілде айынан бері екі мыңға жуық рейд жұмыстары жүргізіліп, екі мыңнан аса санитарлық талап бұзылғаны анықталды. Мәліметтердің бәрі санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің бақылауында тұр. Ары қарай тиісті шаралар қолданылу үшін іс сотқа жолданады», - дейді ол.