Головкин Бүкіләлемдік бокс суперсериясында өнер көрсетуге шақырту алды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Головкин Бүкіләлемдік бокс суперсериясында өнер көрсетуге шақырту алды
ашық дереккөз

Промоутерлер бірден бірнеше салмақ дәрежесіндегі жарыстарды ұйымдастыруды қарастырады: ауыр, бірінші ауыр, орта, жеңіл/екінші жеңіл және екінші жартылай жеңіл салмақтағы әйелдер арасында. Орта салмаққа келетін болсақ, Зауэрландтар орта салмақтағы қатысушы ретінде IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкинді атады. «Орта салмақтағы боксшыларыңызды атаңыздар: Геннадий Головкин, Крис Юбэнк, Риота Мурата және...», – деп жазды Sauerland Bros Twitter-дегі парақшасында. Айта кетейік, WBSS үшінші маусымына қатысушылардың салмақ санаты мен құрамын жанкүйерлерге Twitter және электрондық пошта арқылы анықтауды ұсынды. Олар қалаған салмақ дивизионын және боксшылардың аттарын жаза отырып, ұйымдастырушыларға хабарласа алады.