14 жасқа дейінгі балалар арасында жұқтыру көрсеткіші 7 пайызға артты – Пірәлиева
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![14 жасқа дейінгі балалар арасында жұқтыру көрсеткіші 7 пайызға артты – Пірәлиева](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114512420208420.webp)
ашық дереккөз
«Ересектер, мектепке дейінгілер және мектепке баратын балалар арасында да тіркеліп жатыр. Ерлер арасында ауырғандардың саны 55,3 пайызға басым. Жазғы кезеңмен салыстырғанда 14 жасқа дейінгі балалар арасында жұқтырғандар санының 7 пайызға дейін, жасөспірімдер 1,4 пайызға және 50-ден жоғары жастағылар арасында 37 пайызға дейін өсу байқалады», - дейді елорданың бас санитарлық дәрігері.
Сөз арасында қыркүйек айында, қазан айының алғашқы 10 күндігінде қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланғанын қозғап өтті. «Бірақ қазан айының екінші жартысынан бастап репродуктивті саны бірліктен асып кетуі байқалды. Репродуктивті санының қазан айында 11 күн бойы және қараша айында алты күн бойы төмендеуі байқалды. Қалған уақытта репродуктивті саны бірден асты. Сондықтан қала сары аумақта болды. Қазан айымен салыстырғанда өздігімен медициналық қызметте қаралып, анықталғандар аптасына 18-213 жағдайға дейін өсті және үй-ошақтарының қатынаста болғандар арасында аптасына 15-217 жағдайға дейін көбейгені байқалды», - дейді Жанна Пірәлиева.
Ұқсас жаңалықтар