Бейжіңде Абай шығармаларының қытай тіліндегі жинағы таныстырылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бейжіңде Абай шығармаларының қытай тіліндегі жинағы таныстырылды
ашық дереккөз

Аударманың авторы – ҚХР Жазушылар одағының мүшесі, Қытай мемлекеттік сыйлығының лауреаты Акбар Мәжит. Ол оннан астам кітаптың авторы, сондай-ақ Абайдың өлеңдерін, поэмаларын және «Қара сөздерін» тәржімалаған. Тұсаукесерге қатысушылар аудармашының қолтаңбасын алды. Естеріңізге сала кетейік, Қытайда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай оқулары» өткізіліп, ҚХР-дағы ҚР елшілігінің ғимаратында «Абай мұрасы» залы ашылған болатын.