«Елбасы медалі» бағдарламасына 14 пен 29-дағы жастар 7 бағыт бойынша қатыса алады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Елбасы медалі» бағдарламасына 14 пен 29-дағы жастар 7 бағыт бойынша қатыса алады
ашық дереккөз

«Елбасы медалі» бағдарламасы 14 пен 29 жастағы жастарды тәрбиелеуге бағытталған. 7 бағыт бойынша даму бағдарламасы ұсынылады. Олар – спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, саяхат пен жорықтар және еңбек тәжірибесі. Қатысушылар 3 деңгейді таңдай алады. Олар – қола, күміс немесе алтын және 6 айдан 18 айға дейін әр бағыт бойынша белгілі бір қызметті орындауы керек. Қазіргі уақытта жобаға 11 мыңнан аса қатысушы тартылған. Бағдарламаның артықшылығы – әрбір қатысушы басқалармен емес, тек қана өзімен жарысады. Сонымен қатар күн сайын өзін-өзі дамытумен айналысып, кешегіден жақсы жаққа өзгеруге тырысады. Жыл соңына дейін 300 қатысушы қола медальмен марапатталатын болады», – деді ол.