Қазақстандық үш титулы бар боксшы WBO рейтингінің ТОП-5 қатарына енді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандық үш титулы бар боксшы WBO рейтингінің ТОП-5 қатарына енді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114525431298908.webp)
Назарларыңызға Қазақстан өкілдерінің позициясын ұсынамыз: Екінші орта салмақта Айдос Ербосынұлы алтыншы орыннан төртінші орынға көтерілді. Бұл дивизиондағы үздік үштікті Ұлыбританиядан келген Зак Паркер, американдық Дэниэл Джейкобс және канадалық боксшы Дэвид Лемье құрайды. Әлем чемпионы атағы британдық Билли Джо Сондерске тиесілі. Естеріңізге сала кетейік, Айдос екінші орта салмақта WBA International, WBC Asia және WBO Global чемпиондарының белбеуін иеленген. Сондай-ақ, осы санаттағы тағы бір қазақстандық Әли Ахмедов рейтингке 15 нөмірмен енді. Орта дивизионда WBO Global және WBC Continental Americas чемпионы Жәнібек Әлімханұлы үшінші орынды сақтап қалды, WBO International титулының иегері Қанат Ислам — төртінші. Бірінші орынды мексикалық Джайме Мунгия, одан кейін британдық күрескер Лиам Уильямс алады. Чемпионаттың басты атағы АҚШ-тан келген Деметриус Андрадаға тиесілі. Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінің ТОП-5 қатарына енді