Жыл басынан бері 765 заңсыз ойын мекемесінің қызметі тоқтатылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жыл басынан бері 765 заңсыз ойын мекемесінің қызметі тоқтатылды
ашық дереккөз

«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті 2020 жылдың 6 қарашасында Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды тұлғаларға және басқаларға қатысты Қазақстан Республикасы аумағында (Алматы, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Қарағанды) заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Жалпы, 2020 жылдың басынан бастап 765 заңсыз ойын мекемесінің қызметі тоқтатылды. 22 жерасты казиносы жойылып, 12 мыңнан астам ойын автоматтары заңсыз айналымнан алынды. Бұл көрсеткіштерге «Стоп-ойын» жедел-профилактикалық іс-шарасын жандандыру арқылы қол жеткізілді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.