Көлгінов: Тәшенов көшесіндегі бір ғана нөсер кәрізінен 34 тонна қоқыс шығарылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Көлгінов: Тәшенов көшесіндегі бір ғана нөсер кәрізінен 34 тонна қоқыс шығарылды
ашық дереккөз

«Нөсер жаңбыр кәрізі желісіне шағымдар, талқылаулар көп болды. Әсіресе жаңбырлы күндері елордамыздың кейбір тұстары проблемалы. Әсіресе Момышұлы мен Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысын, сол сияқты Иманов көшесінің Республика даңғылымен қиылысар жерін, "Жастар" шағын ауданын, Тәшенов, Тұран көшелерін айрықша айтуға болады. Біз Момышұлы мен Түркістан көшелеріндегі проблеманы реттедік. Кәріз желісінде толып қалған қалдықтар тазартылды. Қосымша сорғыш жүйесі орнатылды. Қазір бұл жүйе жұмыс істеп тұр, күзде оны сынақтан өткіздік. Енді мұны бақылауда ұстауымыз керек», - дейді әкім.

Әкім мысал ретінде Тәшенов көшесіндегі бір ғана нөсер кәрізі 34 тонна қоқыстан тазартылғанын айтып өтті. «Бұл бір ғана аумақтан шығарылған қоқыс. Бұрын әр аумаққа жауапты мекеме болған емес. Қазір бұл жер «Elorda eco system» кәсіпорнының тұрақты бақылауында», - деді Алтай Көлгінов.