Қала толықтай газдандырылғанда 40 мың тонна зиянды қалдықтан арыламыз – елорда әкімі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қала толықтай газдандырылғанда 40 мың тонна зиянды қалдықтан арыламыз – елорда әкімі
ашық дереккөз

«Газдандыру туралы айтар болсақ, бұл – Елбасының тарихи жобасы. Мың шақырымнан астам газ құбыры елордаға жеткізілді. Бұл жерде «Самұрық-Қазына» және орталық мемлекеттік органдар үлкен жұмыстарды атқарды. Бұл тұрғыда елорда әкімдігіне артылған жүк – ішкі газ құбырларын салу. Біз үш кезең бойынша 300 шақырымды құрайтын газ құбырын тарттық. Соның ішінде ЖЭО-1, ЖЭО-2-ге магистральді газ құбыры тартылды. Ондағы 4 су жылыту қазандықтары газбен жылытуға көшті. Қалғандары екінші, үшінші кезеңде жасалатын болады. Қазіргі уақытта «Көктал-1», «Көктал-2» және «Агроқалашық» тұрғын алаптарындағы жеке секторларда газ құбыры жеткізіліп, үйлерге газ жеткізу жұмысы жалғасуда. Жалпы, мыңнан аса тұрғын техникалық құжаттарын алды. Тағы үш мың адам жеке консультацияға ие болды. Бұл өте маңызды жұмыс. Сол себепті де лицензиясы бар мамандар жұмыс жүргізіп жатыр. Қала толықтай газдандырылған жағдайда мамандардың айтуынша, 40 мың тонна зиянды қалдықтан арылатын боламыз», - деді ол.