Алтай Көлгінов: Елордадағы 200-ден аса ескі және апатты үйлердің мәселесі қатаң бақылауда

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов: Елордадағы 200-ден аса ескі және апатты үйлердің мәселесі қатаң бақылауда
ашық дереккөз

«Әр үлкен қалада, әсіресе елордада ескі және апатты үйлер жиі кездеседі. Астанада сондай ескі үйлердің саны 200-ден асады. Былтыр апатты үйде тұрып жатқан 197 отбасы, биыл 200-ден аса отбасы жаңа қонысқа көшірілді. Бұл жұмыс келесі жылы да жалғасын табады. Өткен ғасырлардан қалған барақ үйлер, ескі жатақханалар бар. Олардың кейбірінде әлі де тұрғындар мекендеп жатыр. Жыл соңына дейін Янушкеевич көшесіндегі екі ескі жатақхананың тұрғындарға жаңа үйге көшіріледі деп жоспарланып отыр. Сол сияқты Сарыарқа ауданындағы университет маңында да ескі үйлер бар. Ескі және апатты үйлерді сүру де үлескерлер мәселесімен қатар жүргізіліп жатыр. Бұл шаруа да оңай емес. Барлығы кесте бойынша жүргізіледі. Жалпы, бұл мәселе біздің қатаң бақылауымызда», - деді ол.