«Жанұя» орталығы ашылғалы 40 мыңнан астам адамның проблемасы шешілді – Алтай Көлгінов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Жанұя» орталығы ашылғалы 40 мыңнан астам адамның проблемасы шешілді – Алтай Көлгінов
ашық дереккөз

«Қаламызда ашылған «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы ашылғалы бері 40 мыңнан астам адамның проблемасын шешуге көмектесті. Біз «бір терезе» қағидаты бойынша жағдай жасап, қызметкерлеріміздің көмек көрсетуін қамтамасыз еттік. Бүгінге дейін 60 мыңнан астам сауалға жауап берілді. Сұрақтарды талдай келе жұртшылық үшін баспана мәселесі өте өзекті екенін анықтадық. Сол себепті осы маңайға қосымша баспана орталығын аштық. Ашылғалы екі ай уақыт ішінде 9 мың адам проблемасымен жүгінді», - дейді Алтай Көлгінов.

Сөзін жалғай отырып, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың да жағдайы назардан тыс қалмайтынын жеткізді. «Мүгедек балалары бар, көпбалалы аналарға кеңсе ашып, жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Әлеуметтік салада мемлекет тарапынан үлкен жұмыстар атқарылып жатыр», - дейді қала әкімі.