Егер сайлаушылар тізімінен өзіңізді таппасаңыз не істеу керек

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Егер сайлаушылар тізімінен өзіңізді таппасаңыз не істеу керек
ашық дереккөз

«Егер сіз өзіңізді сайлаушылар тізімінен таппасаңыз, демек сіз тіркеуде елордада емес, өңірде болуыңыз мүмкін. Мысалы, өзге өңірде тіркеуде тұрып, астанада жұмыс істейтін азаматтар аз емес. Ондай жағдайда не істеуге болады? 2020 жылдың 10 желтоқсанына дейін өзіңіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша әкімдікке жүгініп, Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша учаскеге тіркелуіңіз керек. Ал егер бұлай істеп үлгермесеңіз, 9 қаңтар күні өзіңіз тіркеуде тұрған өңірдің әкімдігіне хабарласып, есептен шығару талонын сұратасыз. Сол талонды елордадағы тұрғылықты жеріңіз төрт ауданның қайсысында болса, сол ауданның әкімдігіне барасыз. Сол жерде сізді есепке енгізеді. Осылайша, тұрғылықты жеріңіздің учаскесінде дауыс бере аласыз», - деді ол.