Tixr.com платформасында Димаштың «DIMASH DIGITAL SHOW» концертіне билеттер сатыла бастады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Tixr.com платформасында Димаштың «DIMASH DIGITAL SHOW» концертіне билеттер сатыла бастады
ашық дереккөз

Бұл туралы «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев Димаш Құдайбергеннің онлайн-концерті өтетінін 3 желтоқсан күні жариялаған болатын. Қазіргі уақытта билеттер әлемдік стримингтік Tixr.com. платформасында сатыла бастады. https://www.youtube.com/watch?v=lDbA8VHsU_A&feature=emb_logo Концертті өткізу уақыты: Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:00; Нью-Йорк уақыты бойынша 9:00; Лондон уақыты бойынша 14:00; Токио уақыты бойынша 23:00. Онлайн-шоуда Димаш қазақ, итальян, француз, қытай, ағылшын және орыс тілдерінде ән шырқайды. Димаштың өзі жазған туындылармен қатар жаңа әндердің де премьерасын ұсынады. "Билет бағасы: 7 желтоқсаннан 17 желтоқсанға дейін - 10 АҚШ доллары; 18 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін - 15 АҚШ доллары; 2 қаңтардан 15 қаңтарға дейін - 25 АҚШ доллары; Билет + қолтаңба фотосуреті -100 АҚШ доллары (шектеулі ұсыныс)" делінген ақпаратта. Билеттерді сатып алу үшін мына сайтқа кіру қажет. Сайтта билетті сатып алу бойынша нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=Jh5A_MOzVMI&feature=emb_logo Жазбаша нұсқадағы толық нұсқаулықты PDF файлында оқуға болады. Айта кетсек, сайтта сатылған билеттерді tixr.com талабы бойынша айырбастауға немесе қайтаруға болмайды. "Осы іс-шараға электрондық билетті сатып ала отырып, сіз оферт шарттарымен келісесіз. Электронды билетті сатып алғанға дейін tixr.com сайтындағы шарттармен танысуыңызды сұраймыз. Сондай-ақ іс-шараның атауын, уақыты мен орнын тексеріңіз. Сондай-ақ, тағы бір ескеретін жайт. Онлайн-концертті тек бір құрылғыда көруге болады. Онлайн билет сатып алушының жеке бірегей билет коды болады. Оларды бір уақытта бірнеше құрылғыда пайдалануға болмайды. Шоуда заманауи телевизиялық және виртуалды технологиялар интеграцияланатын болады. Әншінің жанды қойылымының атмосферасына барынша ену үшін дыбыстық динамик жүйесін пайдаланыңыз. Компьютерде көру үшін ұсынылатын браузерлер:Chrome, Safari және Firefox. Мобильді құрылғыдан қарау үшін браузерлер:Chrome және Safari. Жүйеге қойылатын талаптар: Windows 7 және одан жоғары, Mac OS X 10.6 және одан жоғары. Компьютердегі браузерлер: Google Chrome 45+; Mozilla Firefox 49+; Safari 10+; Microsoft Edge 15+. Мобильді браузерлер: Chrome 45+; Safari 10+ (iOS). Интернетке қосылу бойынша ұсынылатын жылдамдық: 5-10 Мбит/с. www.speedtest.net сайтынан қосылымды тексеріңіз. Назар аударыңыз! Егер сізде онлайн-концерт туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, сайттан FAQ (жиі қойылатын сұрақтар) оқыңыз", - делінген ақпаратта.