2021 жылғы қаңтардағы депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
2021 жылғы қаңтардағы депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі бекітілді
ашық дереккөз

«Қазақстанның Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесінің мәні қайта қаралмағандықтан, қысқа мерзімді депозиттер бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалады. Олар базалық мөлшерлемеге сәйкестендірілгендігін айта кеткен жөн. Сондай-ақ нарықтық трендтер негізінде есептелетін ұзақ мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер де сақталды. Толықтыру құқығы жоқ, 12 айға арналған жинақ салымдар теңгелік депозиттер ішінде ең табыстысы болып қала бермек – 14%», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, жинақ депозиттердің ерекше өзгешеліктерінің бірі – мерзімінен бұрын ақша алуға қатаң шектеу қойылғандығында. Сол үшін де банктер олар бойынша ең жоғары мөлшерлемелер ұсынады. Одан басқа, теңгедегі жинақ депозиттер бойынша 15 млн теңге көлемінде жоғары кепілдік сомасы қарастырылған.