Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне жаңа басшы тағайындалды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне жаңа басшы тағайындалды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211458534206449.webp)
Бауыржан Мәдіұлы Сыздықов 1973 жылғы 14 маусымда Оңтүстік Қазақстан өңірі Бөген ауданы Задарья ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік медициналық университетін бітірген, гигиенист-эпидемиолог дәрігері, 2010 жылы Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясын бітірген, «командалық-штабтық оперативті-тактикалық азаматтық қорғаныс» мамандығы бойынша басқару саласындағы маманы, 2019 жылы Мәскеу қаласындағы «Синергия» Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетін бітірген. Құқықтану магистрі. 2001-2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ басқармасының аға офицері, 2010-2012 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаментінің халық пен аумақты қорғау басқармасының бастығы қызметін атқарған. 2012-2014 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары, 2014-2015 жылдар аралығында ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, 2015-2019 жылдар аралығында ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болған. 2019 жылдың қараша айынан бастап ҚР ІІМ ТЖК Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарып келді.