ҚР Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ҚР Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114587523941497.webp)
Барлық санаттағы әскери қызметшілерге армияның өткен жылдық қорытындылары мен жетістіктері жеткізілді, сондай-ақ жаңа оқу жылына міндеттер қойылды. Олардың арасында әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігін қолдау, жауынгерлік даярлық пен жеке құрамның далалық дағдысын жетілдіру, бітімгершілік қызметті қамтамасыз ету, әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жай-күйін нығайту және басқа да бірқатар әлеуметтік аспектілер бойынша мәселелер бар. Апта бойы барлық әскери бөлімдер мен мекемелерде өткізілетін тактикалық-арнайы сабақтар ақпараттандыру жүйесінің сапасын, штабтардың үйлесімді жұмысын тексеруге, басқару органдарының, құрамалар мен әскери бөлімдердің өзара іс-қимыл деңгейін жетілдіруге бағытталады. Қарулы Күштердің басшылығы оқу жылының басталуында барлық мәселелерді толық пысықтау қажеттігі туралы нұсқаулар берді. Пандемиямен және карантиндік іс-шаралармен байланысты шектеулер жағдайында бөлімшелердің қызметіне баса назар аудару керек.