Данияр Елеусінов титулдық жекпе-жектен кейін IBF рейтингіне енді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Данияр Елеусінов титулдық жекпе-жектен кейін IBF рейтингіне енді
ашық дереккөз

Жартылай орта салмақта IBF рейтингіне қазақстандық былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) енді. Еске сала кетейік, биылғы қараша айының соңында Д.Елеусінов екінші раундта Джулиусо Индонгоны (23-3, 12 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, IBF Inter-Continental чемпионы вакантты белбеуінің иегері атанды. Осы жеңісінен кейін ол рейтингіде 9-орынды иеленді. Айта кетсек, бұл Данияр Елеусіновтің кәсіби мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жегі болатын. Бұған дейін қазақстандық боксшының промоутері Эдди Хирн Даниярды шаршы алаңда америкалық нокаутер Вирджил Ортиске (16-0, 16 КО) қарсы көргісі келетінін айтты.