Елорда әкімі онлайн-қабылдауда 10-нан астам отбасыны қабылдады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорда әкімі онлайн-қабылдауда 10-нан астам отбасыны қабылдады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114584938846731.webp)
«Бір терезе» қағидаты бойынша қала тұрғындарына 70-тен астам мемлекеттік қызмет, оның ішінде әлеуметтік көмек көрсететін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының мысалы бойынша өткен айда тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашылды (Республика даңғылы, 32). Онда тұрғын үй кезегінің нөмірі, кезекке қалай тұру керектігі, түрлі тұрғын үй бағдарламаларының тетіктері және т.б. туралы білуге болады. «Білім саласына келетін болсақ, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарынан шыққан балаларға бөлінетін гранттар санын айтарлықтай кеңейттік. Жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналасуға көмектеседі. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша биыл 15 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұл шаралардың барлығы жалғасады. Азаматтардың қабылдауларында көтерілген мәселелердің бір бөлігі бірден шешімін табады, қалғандары жоспарға алынады», – дейді елорда әкімі.