Бейбіт Шүменов 24 нокауты бар бельгиялықпен жекпе-жек өткізеді
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
WBA екі тарапқа да ереже бойынша чемпион титулды иеленгеннен кейін тоғыз ай өтісімен белбеуін міндетті қарсыласқа қарсы қорғау керектігін хабарлады. Шүменов WBA Regular титулын 2018 жылдың 7 шілдесінде жеңіп алған, ал міндетті қорғауы 2019 жылы 6 сәуірде өту керек еді. Осылайша, қазақстандық боксшы қорғауын бір жылға кешіктірген. Ендігіде ол «уақытша» чемпион және ресми үміткер Мерхимен жақын арада жекпе-жек өткізуі тиіс. Шүменов пен Мерхи командаларында келіссөзге 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін 30 күн уақыты бар. Егер осы уақытта тараптар келісімге келе алмаса, промоутерлік сауда белгіленеді.
Ұқсас жаңалықтар